18 мау, 2019 сағат 13:52

Тоқаев Нұр-Сұлтанның жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы туралы мәлімделді.

Қасым-Жомарт Тоқаев астананы абаттандыру жұмыстарына тың серпін беруді тапсырды. Сонымен қатар, LRT құрылысындағы жағдайды мұқият зерттеу қажеттігін айтты.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті қаланың инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.