21 шіл, 2019 сағат 21:38

Тоқаев: "Құдайдың бар екеніне сенемін..."

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «31 арнада» көрсетілген «Президент 2.0» деректі фильмінде діни ұстанымы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен - атеист емеспін. Құдайдың бар екеніне сенемін. Әрине, мен - мұсылманмын. Бірақ бес уақыт намаз оқитын мұсылман емеспін. Мейрам кезінде мешітке барып тұрамын", - деді Тоқаев.

Президент өз әкесіне Сингапурдан Құран кітабын қалай алып келгенін де айтып берді. Оның айтуынша, әкесі 63 жасында қайтыс болыпты. Шамамен 60 жасында ислам дініне қызығушылығы күшейе түскен екен.

"Мен Сингапурға барып келгеннен кейін ол жерде Құран кітабы дүкенде ашық сатылатыны жайында айттым. Тіпті сүрелер жазылған пленкалардың да бар екенін жеткіздім. Сол кезде әкем оның бәрін алып келуді өтінді. Мен ойландым да, Құран мен пленкаларды шекарадан өткізуге болмайтынын айттым. Дегенмен кішкентай бір Құран кітабы мен пленканы алып келдім. Әкем коммунист болса, соның бәрін тыңдады", - деп еске алды Тоқаев.