12 мау, 2018 сағат 08:16

"Тарихи сәт". Трамп пен Ким алғаш рет қол алысты (Фото, видео)

Сингапурда тарихта алғаш рет АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын кездесті. Шара екі мемлекет басшыларының қол алысуымен басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. 

Іс-шара Сентоза курорттық аралындағы бес жұлдызды Capella қонақүйінде өтіп жатыр.

АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары алдымен бір-бірін қол алысу арқылы жылы шыраймен қарсы алып, жеке кездесу үшін келіссөздер бөлмесіне кетті. Ақ үйдің мәліметінше, тек аудармашылардың ғана қатысуымен өткен жүздесу 48 минутқа (Астана уақытымен 07.04-те басталды) созылды.

Енді олар кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге қатысатын болады.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын Сингапурға жексенбі күні кешкісін ұшып келді және елдің премьер-министрімен кезекпен кездесті.

ВВС-дің мәліметінше, саммиттің басты тақырыбы КХДР-ді ядролық қарусыздандыру  болмақ. АҚШ КХДР-дің ядролық қарудан бас тартып, оқтұмсықтарды үшінші тарапқа беру процесін бастағанын қалайды.

Пхеньян оның орнына не талап ететіні белгісіз. ЦТАК Корея ақпарат агенттігі кездесу алдында хабарлағандай, «жаңа дәуір талаптарына сай АҚШ пен КХДР арасында жаңа қарым-қатынастарды орнату» жоспарланып отыр.