#
#
Сенбі 21/10/2017

Сұлтанов: Үкiмет холдинг пен ұлттық компаниялардың қаржысын бақылауда ұстап отыр

  • 25.05.2017
  • 0
  • 580

Бүгiн ҚР Парламентінің Сенатында Үкіметтiң 2016 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есебi таныстырылды. Жиында баяндама жасаған ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов Үкiмет холдинг пен ұлттық компаниялардың борыштық операцияларын бақылауда ұстап отырғанын айтты, деп хабаралайды Baq.kz тiлшiсi.

«Жалпы сыртқы борыш 163,8 млрд долларды құрады. Оның 82%-ті жеке сектордың борыштары. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышы 16,2 млрд. доллар. Бұл 2015 жылғыдан 2,6 млрд. долларға аз. Елбасының Жолдауында берілген тапсырмаларға сәйкес холдингтер мен ұлттық компаниялардың борыштық операциялары Үкімет тарапынан ерекше бақылауда болады. Квазимемлекеттік сектордың борышын азайту үшін субъектілерді мониторингпен қамту критерийлерін анықтау, сырттан қарыздарды белгіленген сомадан асыра тартуға міндетті түрде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі мен рұқсатын алу, квазимемлекеттік борышты басқару жөнінде үйлестіру кеңесін құру сияқты шаралар көзделiп отыр», - дедi баяндамасында Қаржы министрi.

Сондай-ақ, Сұлтановтың айтуынша, 2016 жылы бюджеттік бағдарламалар саны 247 болып, 2015 жылға қарағанда 2 есеге азайды. Қысқарту «бір стратегиялық мақсат – бір бюджеттік бағдарлама» принципі бойынша жүзеге асты. Бұл мемлекеттік органдарға қаражатты игеру кезінде дербестік беру үшін жасалды. Мысалы, әкімшілердің бюджеттің атқарылуы барысында кіші бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлуге құқығы бар.

«Қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тез, әрі тиімді жеткізу үшін бюджет саласындағы әкімшілік кедергілерді ары қарай азайту қарастырылып жатыр», - деп түйiндедi Бақыт Сұлтанов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР