23 там, 2019 сағат 07:51

"Сарыарқа" газ құбырын елді мекендерге әкімдіктер қосады

"Сарыарқа" газ құбыры елордаға дейін қазан айында тартылатын болды. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" ҰƏҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің "Сарыарқа" магистральдік газ құбыр трассаның 820-ыншы шақырымына жасаған сапары кезінде белгілі болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

"Самұрық-Қазына" төрағасы жалпы құрылыс барысын оң бағалады. Ахметжан Есімов ең бастысы құрылысты уақытылы тапсырып, газды құбырын толықтай іске қосу, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау керектігін атап өтті.

«Қазіргі таңда газ құбырының құрылысы 75%-ға аяқталған. Жалғау жұмыстары Қарағанды мен Ақмола облыстарында жүргізілуде. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен әкімдіктер құрылыстың желілік жағы тәмамдалғаннан кейін елдімекендер мен астананы газбен жабдықтауға кіріседі», - деді «АстанаГазКМГ» АҚ Бас директоры Сағидолла Мақашев.

Айта кетейік, «Сарыарқа» газ құбыры трассасының құрылысы 2019 жылдың қазан айында аяқталады деп күтілуде. Жоба толығымен 2020 салынып бітеді жəне 1,7 млн тұрғыны бар 171 елді қамтымақ.

Қазір құрылыс жұмыстарының 75%-ы аяқталған. Қарағанды мен Ақмола облыстарында құбырларды жалғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Желі толық аяқталғанда, "Самұрық-Қазынаның" қоржындық компаниясы - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, елді мекендер мен елордаға газ тарта бастайды.

Айта кеткен жөн, "Сарыарқа" жобасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынып жатыр. Жобаға сай, ел астанасы, орталық жəне солтүстік өңірлерге газ тартылуы тиіс.

Ал, "Самұрық-Қазына" қоры - жобаны қаржыландыруға қатысып отырған компания. Газ құбырының жалпы ұзындығы - 1061 шақырым.