04 қаз, 2018 сағат 16:22

Сағынтаев Lapwing Advisers компаниясының өкілдерімен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның президенті Саймон Мюррей бастаған Lapwing Advisers Ltd өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында елімізге инвестициялар тарту және қолайлы инвестициялық ахуал құру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, компанияның Қазақстанда жүргізіліп жатқан жекешелендіру үдерісіне қатысуы туралы мәселелер талқыланды.

Lapwing Advisers Ltd - қаржы тартуға, активтерді сату немесе сатып алуға, компанияларды қайта құрылымдау бойынша кеңес беруге мамандандырылған.