18 қаз, 2017 сағат 17:10

Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаковпен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Сапар Исаковпен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Астанаға кешке қарай Қырғызстан Республикасының Премьер-Минстрі Сапар Исаков бастаған делегация келді. Делегация құрамында бірінші вице-премьер-министр Т.Абдыгулов, сыртқы істер министрі Э.Абдылдаев, қаржы министрі А.Қасымалиев, экономика минстрі А.Новиков, мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы А.Сулайманов, мемлекеттік салық қызметінің төрағасы О.Абдыкаимов, мемлекеттік экономикалық қылмыстарға қарсы күрес қызметінің З.Осмонов, мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы М.Айдаралиев, мемлекеттік кеден қызметі төрағасының орынбасары К.Исаков және басқалары бар. Екі жақты келіссөздер шағын құрамда өткізілді.

Қазіргі уақытта екі ел министрліктері мен ведомстволары басшыларының  қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп жатыр. 

Анықтама:

Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығында $399,2 млн-ды құраған, сондай-ақ, өткен жылдың осы кезеңімен ($311,6 млн) салыстырғанда 28,1%-ға ($87,6 млн) ұлғайған.

Қазақстанның Қырғыз Республикасымен 2017 жылдың қаңтар-шілде аралығындағы сауда теңгерімі оң көрсеткішке ие болып, $127,6 млн-ды құраған. Бұл өткен жылмен ($101,2 млн) салыстырғанда 26%-ға өскен.