14 мау, 2017 сағат 10:40

Сағынтаев Азия даму банкінің вице-президентімен кездесті

Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың Азия даму банкінің вице-президенті Венчай Жангпен кездесуі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz порталына сілтеме жасап.

Талқылаудың басты тақырыбы Азия даму банкінің Қазақстанға арналған 2017-2021 жылдарға жаңа Елдік серіктестік стратегиясының жобасы болды.

Кездесу барысында стратегия жобасының басым бағыттары қарастырылды, оның ішінде қаржы секторын нығайту, тұрақты өсімді қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында бәсекеге қабілеттілікті арттыру және экономиканы әртараптандыруды жалғастыру, инфрақұрылымға инвестицияларды қолдау, кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық өсімнің драйверлерінің бірі ретінде жеке капитал тарту.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін қайта реттеу, ауыл аумақтарын дамыту, климаттың өзгеруі, сондай-ақ туризм және энергетика салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Азия даму банкінің вице-президенті В. Жанг ЭКСПО-2017 көрмесінің аяқталуына, яғни қыркүйекте Алматы қаласында өңірлік білімдер орталығын ашу жоспарланғанын атап өтті, оның базасында зерттеулер жүргізіледі, сондай-ақ Қазақстандағы институционалдық әлеуетті дамытуға жәрдем көрсетіледі.