21 шіл, 2017 сағат 07:27

Рухани аштық: сірескен сеңді қалай жібітеміз?

Қажеті - қаламақысыз - қайырым!

Мен сенем!
Адамдар зəулім үйлер мен қымбат көліктерге қол жеткізіп, материалдық жағдайын жасап болғанда өзінің рухани аш екенін сезінеді!

Егер жазушыларға, ақындарға əр өлеңі үшін қаламақы төленетін болса, халтурамен бірге шынайы əдебиет те дамитын ба еді!..
Əттең біз бəрін материалды құндылыққа тəуелді етіп алдық!..
Журналистер де қаламақы үшін жазып үйреніп кетті!..
Сенсацияға құмар көптің тілегін қанағаттандыру үшін де кейбіреуі амалсыз төмендеуге мəжбүр. Өйткені, жұмыс берушінің талабы сол деңгейде!..

Əлеуметтік желіге өлең салса, құны құлдырайтындай жанға елдің қай жерде рухани азық бар деп елеңдеп отырғанын айтқым келеді!
Ел аралап концерт берсеңіз, сіз жиналған жұрттың қаншалықты "аш екенін" көрер едіңіз!
Қала-қамақта қарбаласқа еніп кеткен қарайған ел қазір теледидарға емес, телефонға үңілуге ғана уақыт бөлетін боп алған!
Барынша қысқа материалдар ғана оқылады сосын!

Шын поэзияның қандай екенін білмей, тақпақтарды өлең деп қабылдайтын жандарға күліп емес, аяп қарау керек!
Бұл - біздің идеологияның жемісі!

Екі-үш нотадан тұратын əндер мен сол тақпақтарды жарнамалап жатқан да өзіміз!
Шығармашылық адамында қайраткерлік қасиет болмаса, ол оқырман деңгейіне түсетіні белгілі. 
Қайраткер ғана тарихта қалады! Сіз не жазсаңыз да өзіңіз үшін жазғанда қателеспейсіз! Оны сіз сияқты жандар оқиды. Ол да белгілі. Ендеше неге самарқау кейіп танытамыз?!.
Етті бағалау үшін адам əр жердің етінен дəм татуға тиіс. Сол үшін көже ішіп жүріп, ет қадірін білмеген жанға неге өкпелейміз?!

Тауардың алушысын анықтау үшін - ол көпке ұсынылуы тиіс! Сосын оны насихаттау да қажет! Əйтпесе, тайдтың жарнамасын көрген мен ариел деген ұнтақтың барын білмеуім мүмкін!..
Егер бəрін қаламақыға тіреп қойсаңыз, онда өзіңіз де бар байлығыңызды басып отыра бересіз!

Қазір бір ғана көсем шықса, қауіпті! Көп ішінен көзге түскеннің басын алу оңай! Ал егер жан жақтан бірігу басталса, "өз өзін жаттай сыйлап, жат жанынан түңілсе" - қоғамда бір дүмпу пайда болары сөзсіз!
Сол үшін де санасы ояу - сан мыңды оятуға күш салу керек!
Құдайдан берілгенді қайраткерлікке жұмсағанда ғана біз билікке ренжуді қойып, рухани жаңғыруды əр жерден бастап кетер едік!..
Революцияны бір ғана адам жасайтын болса, өзіңіздің үлкен күш екеніңізді сезіне бастайсыз!
Оқырманды, көрерменді өз деңгейіңізге жеткізу үшін сіз еңбектенуді тоқтатпаңыз, замандас!

Өзіңіз оқырман деңгейінде қалып қойсаңыз, өзгеге өкпелемеңіз! Əркім қолынан келгенін жасап жатыр!
Өлеңді емес, көйлекті жарнамалауға көшкен кей жандар бір сəт ойлануға тиіс!
Қоғаммен бірге қалғып жатқан қалыбыңызға жаныңыз ашымай ма?!
Өзі аз-ақ ұлттың жұтылып кетпеуі үшін де кері шегінбей, алға жылжудың амалдары қарастырылуы керек сияқты?!
Қанша аз болса да дархан даланы жайлаған елдін пейілі ғой жаратқанға ұнап тұрған!

Ендеше, бір бірімізді тəрбиелеуден басталған іс - ұлтты тəрбиелеуге апаратын жол екенін ұға түссек!
Кемсітуге бой алдырып, əрқайсымыз сыншы образына кіріп алғанша, кісəпір һəм қырсық қоғамға бір қайырым жасайық!
Қатқан мұз жібісін!
Сірескен сең бұзылсын!

Роза Әлқожаның фейсбуктегі жазбасынан