09 мау, 2017 сағат 12:45

Путин Сирия дағдарысын реттеудегі Астана процесіне жоғары баға берді

Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ға мүше болу үшін барлық шарттарды орындап, қажетті процедураларды аяқтады. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында Ресей Президенті Владимир Путин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін ШЫҰ жаңа толық құқылы мүшелермен толығады. Бұл мемлекеттерді қабылдау процесін іске қосу туралы шешім Ресейдің төрағалығы кезінде 2015 жылы Уфада өткен саммитте қабылданған болатын. 2 жылға жетпейтін уақыттың ішінде Үндістан мен Пәкістан барлық шарттарды орындап, қажетті процедураларды аяқтады. Ендігі уақыттағы біздің мақсатымыз жаңа серіктестердің ШЫҰ аясына бейімделуіне көмек көрсету болмақ», - деді Владимир Путин.

Ол ШЫҰ-ның кеңеюі оның саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы қуаты мен ықпалының арта түсуіне мүмкіндік беретінін айтты.

«Біз бірлесе отырысып Таяу Шығыстағы, оның ішінде Сириядағы өңірлік жанжалдарды реттеудегі күш-жігерімізді бірлесе отырып жандандыратындығымызға сенімдімін. Соңғы уақытта сириялық дағдарыстың дамуында көңілге сенім ұялатын мүмкіндіктің пайда болғанын атап өткім келеді. Бұл Ресей, Түркия және Иранның көмегімен осы жерде, Астанада Сирия бойынша халықаралық кездесудің басталуымен тікелей байланысты. Енді соның негізінде әскери іс-қимылды тоқтатуға және Женевадағы келіссөздер процесіне серпін беруге шынайы мүмкіндік пайда болып отыр», - деді Путин.