#
#
Дүйсенбі 27/01/2020

Президенттің Берлинге сапарынан кейінгі келісімдер қалай орындалып жатыр?

  • 14.01.2020
  • 0
  • 135

Сыртқы істер министрлігінде Мемлекет басшысының Берлинге сапарынан кейінгі келісімдердің орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан Германия үкіметінің Ресеймен, Орталық Азиямен және «Шығыс серіктестігі» елдерімен ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі, Германия Бундестагының депутаты Дирк Виземен келіссөз өткізді.

Тараптар 2019 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия канцлері Ангела Меркельмен кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ өңіраралық деңгейдегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-саттық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара дайын екені атап өтілді.

М. Баймұхан Мемлекет басшысының алғашқы еуропалық сапары жалпы құны 2,4 млрд АҚШ долларын құрайтын коммерциялық келісімдер жасауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Қазақстандық дипломат неміс тарапын ЕО мемлекеттері деңгейінде Қазақстанға визалық режимді жеңілдету мәселесін қолдауға шақырып, бұл экономикалық, білім беру және мәдени салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі жандандыра түсуге өзара ықпал ететінін атап өтті.

 

Өз кезегінде Д.Визе ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың ресми сапары қазақстандық-неміс әріптестігін тереңдетуге өзара қызығушылықтың бар екенін көрсеткенін хабарлады. Неміс дипломаты:

«Біз қазіргі таңда Қазақстанда іске асып жатқан реформаларды қолдаймыз және оларды жүзеге асыруға қолғабыс жасауға дайынбыз», - деді.

Талқылау барысында екіжақты қатынастағы маңызды проблемалар арасында гуманитарлық мәселелер де болды. Тараптар екі ел арасындағы «достық көпірі» саналатын Қазақстандағы неміс диаспорасы және ГФР-дағы бұрынғы қазақстандықтардың үлкен қауымы болуына орай қазақстандық-неміс әріптестігі аса маңызды екенін растады. Екі ел үкіметтері өз азаматтарына мүмкіндігінше қолайлы жағдай жасау үшін жұмыс істеуде.

Тараптар көпқырлы әріптестікті дамытуды жалғастыру мақсатында қалыптасқан байланыстар динамикасын ілгері жылжытуға келісті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар