26 ақп, 2018 сағат 13:28

Премьер-министр Экспо-2017 көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Астана Экспо-2017 халықаралық мамандандырылғар көрмесінің нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Кеңес барысында көрме аумағында инновациялық экожүйе нысандарын, оның ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығын, Astana Hub, Халықаралық АТ-Университетін, Халықаралық жасыл технологиялар орталығын орналастыру мәселелері қаралды.

Кеңесте «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Е. Шорманов, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары А. Мамин, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев, Астана қ. әкімі Ә. Исекешев сөз сөйледі.