#
#
Cәрсенбі 21/11/2018

Отаршылдықтың жағымсыз символы саналатын ұйымның мерейтойын тойлау зардабы

  • 24.10.2018
  • 0
  • 1435

Мемлекеттің идеологиясын қалыптастырып жүрген азаматтардың, өзін социал-демократиялық деп атайтын партия атынан сайланған депутаттардың ВЛКСМ-ның символдары бейнеленген үлкен жиында оның әндерін шырқап тұруы, жұмсақтап айтсақ, мемлекеттің болмысына, Қазақстан Республикасын құруға негіз болған құндылықтарға қайшы.

Бұл комсомолдың, Компартияның шекпенінен шыққан шенеуніктердің ұлттың құндылықтарын толық қабылдай алмағанын, оның негізгі идеялары КПСС-тың қағидаларына қайшы келетінін түсінбегенін аңғартады. Оның үстіне, басқасын былай қойғанда, Президенттің «Рухани жаңғыру» мақаласында, «Ұлт бірлігі» доктринасында, «Мәңгілік Ел» идеясында Қазақстанның өз ұлттық бірегейлігін қалыптасыру мәселесі, оны нығайту үшін өткеннің керітартпа идеологиясынан арылу туралы көп мәселе көтеріліп, көп іс-шара жүріп жатыр. Шараны ұйымдастырушылар бұл шараның мемлекеттік бағдарламаларға қайшы келетінін түсінбеген де сыңайлы.

Қазақстан халқының көпшілігі, соның ішінде әсіресе жастар КСРО-ны қазақ халқын отарлаудың жалғасы деп таниды. Тарих оқулықтарында да, жалпы мемлекеттік историографияда да осылай айтылып жүр. Осындай жағдайда отаршылдықтың жағымсыз символы саналатын ұйымның мерейтойын үлкен деңгейде тойлау – мемлекеттік қызметкерлердің халық пікірімен санаспайтынын, халықтан алшақ екенін айғақтайды.

Жалпы, символ мәселесі – өте нәзік мәселе. Адамдар символ үшін соғысып та жатады. Әсіресе, Қазақстан сияқты постколониалды елде отарлаудың белгісі саналатын кеңестік белгілерді қолдануда осыны ескерген жөн.

Мұхтар Сеңгірбайдың фейсбуктағы жазбасынан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар