05 мам, 2017 сағат 10:50

Оңтүстік Қазақстанда су тасқыны болуы мүмкін - синоптиктер

Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқыны болуы мүмкін, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Таяу тәулікте, 6 мамырда күшті жаңбыр болжамына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы өзендерінде су тасқыны жүреді, беткейлік ағын пайда болуы мүмкін", - делінген болжамда. 

Осыған дейін синоптиктер Жайықтан Қазақстан территориясына суық атмосфералық фронттардың ығысып жатқанын хабарлаған еді. Батыстан шығысқа қарай, найзағайлы жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жауатыны айтылған.