18 қаң, 2018 сағат 21:24

Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын ашты (Видео)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын ашты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгінгі отырыста талқыланатын негізгі мәселелер – адамзатты жаппай жою қаруларын таратпау және сенімділік. Делегация басшылары мен кеңес мүшелерінің өзге ұсыныстары болмаса, күн тәртібінің басты тақырыбы ретінде осы мәселелерді аламыз. (…) Осы залда отырған мемлекет өкілдері, Қауіпсіздік Кеңестің мүшелері және өзге қонақтарды таныстыруға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі шараға атсалысып отырған БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерреш мырзаға алғысымды білдіремін», – деп Нұрсұлтан Назарбаев отырысты ашты.

Қазақстан Президенті, мұнымен қатар, Польша Президенті Анджей Дудуды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақсыз мүше болуымен құттықтады.

«Мұнымен қатар, биыл Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақсыз мүше болған Кот-д’Ивуар, Кувейт, Нидерланды, Экваторлық Гвинея мемлекеттерін құттықтаймын. Аталған алып ұйым шеңберінде серіктестік пен ынтымақтастық орнатамыз деген ниеттемін», – дейді Елбасы.

Бұдан өзге отырыстың ашылуында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бас хатшысы Антонио Гутерреш сөз сөйледі.

«Уақтылы өтіп жатқан қабылдауларға қосылу мен үшін үлкен мәртебе және бүгін өзекті мәселені көтерген Қазақстан Республикасына алғысым шексіз. Қазақстанда мақтануға тұрарлық дәстүр қалыптасып келе жатыр. Аталған мемлекет жаппай жою қаруларынан бас тартқан бейбіт әлемді құрмақ. Өміріміз үшін аса маңызды мәселеде белсенділік танытып отырған Қазақстан Президентіне де рахмет», – деді Гутерреш.

Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыстарына Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен сенатор Дариға Назарбаев да қатысты. Кеңестің отырысын дәл қазір төмендегі видео арқылы онлайн көре аласыз.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Президентінің биылғы 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен баратыны туралы хабарлаған болатынбыз. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа барған сәтінен видео жариялады. Елбасын Дональд Трамптың өзі қарсы алып, мұны үлкен мәртебеге балады.

Ақ үйде өткен кездесуде Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасында әрдайым екіжақты саяси қарым-қатынас орнағанын айтып өтті. Бұдан кейін Мемлекет басшысы АҚШ-тың іскер топтар өкілдері, АҚШ-тың энергетика министрі және «Шетелдік жеке инвестициялар жөніндегі Корпорация» мемлекеттік агенттігінің президентімен кездесті. Сапар соңында Назарбаев Трамппен жүргізген келіссөздің қорытындысы бойынша БАҚ үшін брифинг өткізді.