02 қыр, 2021 сағат 17:26

Ақтөбелік ойыншық тапаншамен кеңсе тонап кетті – видео


Ақтөбеде 25 тамызда ер адам микрокредиттік ұйымның кеңсесіне кіріп, 22 жастағы қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Ол 74 000 теңге ұрлап кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жергілікті полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға орнына барған полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, 23 жастағы күдіктіні ұстады. Қылмыскер жасаған әрекетін толық мойындады.

«Оқиға орнына полиция жасақтары жіберіліп, жедел-іздестіру шаралары негізінде 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ұсталған адам істеген әрекетін толығымен мойындады. Қылмыстық кодекстің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы ("тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеуге байланысты жария етілмейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.