17 мам, 2019 сағат 10:30

Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Елбасы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаевқа сот жүйесін жаңғырту барысы туралы мәлімделді.

Жоғарғы Сот төрағасы соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына деген халық сенімін арттыруға бағытталған 15 заң жобасы әзірленгені туралы баяндады.

Кездесу барысында, сондай-ақ, 2018 жылғы 19 қарашадағы кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланды.