09 қар, 2017 сағат 17:16

Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумына қатысу үшін Челябинск қаласына келді.

Сондай-ақ, сапар аясында Мемлекет басшысының Ресей Президенті В.Путинмен кездесуі жоспарланып отыр.