18 нау, 2017 сағат 16:58

Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі және оны бұдан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Елдер көшбасшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық мәселелер, соның ішінде Украинадағы жағдай туралы, сондай-ақ Астанада 14-15 наурызда өткен Сирияға қатысты халықаралық кезекті кездесу қорытындылары жөнінде пікір алмасты.