28 мау, 2019 сағат 12:54

Назарбаев Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мешітке барды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында орналасқан жаңа мешітке барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақорданың жазуынша, бұған дейін қаланың 380 мыңнан астам тұрғыны бар осы аймағында жаңа мешіт салу туралы ұсыныс айтылған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдады.

Мешіт жеке инвесторлардың қаржысына тұрғызылған. Ғимарат классикалық ислам стилінде салынып, сырты және іші ұлттық ою-өрнекпен безендірілген.

Мешіттің ауданы 2000 шаршы метрден асады.