07 мау, 2018 сағат 00:51

Назарбаев Қытай Халық Республикасына келді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен, Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысының Тұрақты комитетінің Төрағасы Ли Чжаньшумен жоғары деңгейдегі кездесулер өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың іскер топтар өкілдерімен жүздесу және бірқатар екі жақты құжаттарға бірлесе қол қою жоспарланып отыр.