08 мау, 2018 сағат 11:39

Назарбаев Қытай Халық батырларының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

Қазақстан Президенті Қытай Халық батырларының ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапары барысында Тяньаньмэнь алаңында орналасқан Халық батырларының ескерткішіне гүл шоғын қойып, қытай халқының ХІХ және ХХ ғасырлардағы ұлт-азаттық күресі барысында құрбан болған перзенттерінің рухына тағзым етті.

Монумент 1840 жылғы Бірінші апиын соғысынан бастап 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылғанға дейінгі кезеңдегі Қытай революциялық қозғалысының тарихынан сыр шертетін оқиғаларға арналған.