#
#
Жексенбі 17/12/2017

Назарбаев Қырғызстан басшысымен телефон арқылы сөйлесті

  • 06.12.2017
  • 16
  • 234

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың және өңірлік күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады.

Президенттер биылғы 2 желтоқсанда Астанада екі ел үкіметтері қол қойған Жол картасын дәйекті түрде іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл тұрғыда Қырғызстан Президенті күшейтілген шекаралық бақылаудың алынып, Қазақстан-Қырғызстан шекарасын күзету күнделікті режімге көшірілгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде Қырғызстан Президентінің Қазақстанға сапармен келу мәселесін қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.

16 пікір

  • ЖанботаБейсенбі, 07.12.2017

    Екі елдің арасында тыныштық орнаса екен. Жол картасын шығарылды енді осы бойынша барлық жұмыстар іске асатын шығар

  • РамильБейсенбі, 07.12.2017

    Атамбаевтың күйі қалай болып жатыр екен??? Бармағын тістелеп отырған шығар

  • МақсатБейсенбі, 07.12.2017

    жол картасы жобасы бірлігіміз бен татулығымызға да жол ашты. бауырлармен біргеміз қашанда

  • БахаБейсенбі, 07.12.2017

    Ееее мое Атамбаев лох болып қалды екі ортада хахахахаха))))))))))))

  • СеркеБейсенбі, 07.12.2017

    Бәрібір кешірім сұрату керек бүкіл қазақ алдында Атамбаев малға

  • ШарбатБейсенбі, 07.12.2017

    Елбасымызбен Жээнбеков мырзаның сыйластығы мықты болса екі ел арасы алыстамайды

  • МихоБейсенбі, 07.12.2017

    Рахмет айтқанына рахмет

  • БейсенБейсенбі, 07.12.2017

    мықты, мықты. Мына жаңа президенттерінің бастамашы болып жатқаны ұнап отыр. ұзағынан болсын

  • МихоБейсенбі, 07.12.2017

    Рахмет айтқанына рахмет

  • ҚұралайБейсенбі, 07.12.2017

    Арамыздағы қыл өтпес достығымызды бір сөз бөледі дегенге ешқашан сенген емеспін. Сондықтан бір келісімге келгеніміз дұрыс болды!

  • ФатимкаБейсенбі, 07.12.2017

    Сороонбайдың ақылы бар құсайды

  • ДаничикБейсенбі, 07.12.2017

    Атамбаевқа дауа болды ау. Сооранбай байкеге риза боп отырмын

  • АрманБейсенбі, 07.12.2017

    Жээнбековтың да, қырғыз елінің де жазығы жоқ. Жээнбеков зі бастап, елбасымен сөйлесіп, мәселені шешілуіне ықпал жасапты. оған да алғыс. бар бәле Атамбаевта боп тұр ғой, кетсін сонымен бәлесі

  • ГаниБейсенбі, 07.12.2017

    Мы сотрудничаем с Кыргызстаном столько лет...нам просто необходимо поддерживать дружеские отношения с ними.

  • СпокиБейсенбі, 07.12.2017

    Спокойствие на границе облегчило все сразу. Давно бы так.

  • ЖанараБейсенбі, 07.12.2017

    Жээнбеков вроде бы нормальный политик. Начало правильно положил. Главное на границе чтобб беспорядков не было

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар