#
#
Дүйсенбі 20/11/2017

Назарбаев қазақ тілі әліпбиін латынға көшіру туралы жарлыққа қол қойды

  • 27.10.2017
  • 3
  • 3155

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Жарлықтың толық мәтіні төмендегідей:

 

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;

қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;

осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

           Президенті                                                                   Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 26 қазан

                № 569    

 

3 пікір

  • ӘУЕЛІ РУХЫҢДЫ ТҮЗЕ...Жұма, 27.10.2017

    проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. Жұма, 14.04.2017---------------------------------------------------
    Уа-а, аса аяаулы Қазақ жұрты... Президентіміз НҰРЕКЕҢ - көптен күткен ұлттық Идеологияның тұжырымын айтып - Біздер оны неше күннен бері... өзімізше Толғаныс пен Ұсыныстарымызды айтып та... жазып та... жатырмыз-ау ?! Бірақ, шындығында - Ұлтты да... Ұрпақты да - бұрынғы тәрбие-тәсілдерімен - жетілдіре өзгерту мүмкін емес екені анық. Бізге - РУХЫ мен САНАСЫ - жаңаша жетілген ҚАУЫМ мен ҚОҒАМ керек. Міне, осыны қалай... қайтып жасауға болатыны жайында... - ешбір ҰСЫНЫС та... ПІКІР де... - айтылып жатқан жоқ !..Тек мақтау мен мадақтау ?!.. Бұл жайында Конфусси айтыпты ; - " Адамды аздырам десең - МАҚТА... Мемлекетті тоздырам десең - МАҚТА !" - деген екен. Ал, Президент бұл тұжырымды... ақылдасу мен жаңа әдіс-тәсілдермен кеңесу үшін жариялады ғой. Ендеше, мақалада айтылған - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫ - қайтіп... қалай жасаймыз ?.. Ең басты мәселе осы емес пе ?.. Әуелі, РУХ - дегніміз не ?.. Адамда - РУХ - қалай пайда болып... оны қайтіп жетілдіруге болады ?.. РУХ пен САНА -ның байланысы мен тәрбиесінің тәсілін білеміз бе ?.. Осы сауалдарды шеше алсақ қана - Рухани жаңғыруды - орындауға болады. Бұрынғыша - Үгіт - Насихат - Уағызбен - таңғажайып өзгерістер жасау мүмкін емес ?!.. Адамның мәні - ЖАНЫН да ?! Адамзат - ТӘН ТӘРБИЕСІНЕ - ғана таңылып, ЖАН мен РУХ тәрбиесінен АДА ?!.. Ендеше, ғылымға жүгінейік... ойланайық... Менің көптен ұсынып жүрген - "АДАМ ТӘРБИЕСІНІҢ ЖАҢА ІЛІМІ " - ғана жоғарыдағы сұрақтардың жауабын шеше алады... және бұл ІЛІМДІ тек мемлекет деңгейінде қабылдап... жоспарлы түрде іске асыратын болса ғана жемісті болмақ...

  • ШӘКІРТТЕРІ ҚАЙТАЛАЙДЫ:Жұма, 27.10.2017

    проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 2017-10-27 15:37:33 --------------------------------------------------------------- "ЛАТЫН... ЛАТЫН..." деп шулағаннан Қазақ ештемең де өзгермейді... өйткені ҚАЗАҚ - қазіргі кезде РУХЫҢ - ЛАС... ЖАНЫҢ - жабық !!.. Рух пен Жанның - СЫР-СИПАТЫН да... ҚАСИЕТ- ҚАДІРІН де... білмейсіңдер ?!... Әуелі РУХЫҢ мен ЖАНЫҢ ның құпиясын түсінбей... РУХЫҢДЫ ЖАҢҒЫРТУ да... мүмкін емес !!... Бұл да БОС СӨЗ... ҚҰР ШУЫЛ мен... өзіңді-өзің алдағаннан жалықпайтын ... неткен ПЕНДЕШІЛІГІ мол бейшара ТОБЫР едік... ҒАСЫРЛАР бойы көрген АЗАПТАН сабақ алып... ІБІЛІСТІҢ АЛДАУЫНАН құтылуды ойлайтындай МЕЗГІЛ де... жетті емес пе ?...

  • НАҒЫЗ ХАЛЫҚ.Сенбі, 04.11.2017

    Совет-Хан Ғаббасов.

    САҒЫНЫШ.
    Сағыныш тербеп жүректі,
    Сарғаюменен күн өтті.
    Мұхиттай шексіз уақыт,
    Санамнан шаймас бейнеңді...

    қайырмасы: А - а - а - а - а - а...
    Армандар қандай көп еді,
    Бақтым-сәулем - деп енді...
    Оянам таңда жан құрбым...
    Үміттің оты сөнбепті...

    Сағыныш әлде арман ба ?..
    Сағымдай ойнап құбылған...
    Өмірдің өзі қызық-ау...
    Аңсаумен толқып жылынған ?!.,

    ҚАЙЫРМАСЫ.

    Мұңайып кейде жүргенде,
    Сағыныш толат кеудеме...
    Алысқа кеткен АҚҚУЫМ...
    Сұңқылдап қайта жеткен бе ?!..

    ҚАЙЫРМАСЫ.

    1991ж.

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар