13 қар, 2017 сағат 13:57

Назарбаев қару-жарақпен жарысу туралы пікірін айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі қарулануға қаржы жұмсауды арттыру туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі. 

Астана клубының үшінші жыл сайынғы отырысында Президент милитаристік көңіл-күйдің артып келе жатқаны, қарумен жарысу және ядролық қаруды қолдану қаупі туралы сөз сөйледі. 

"Таяу Шығыс пен Африкада қарулы қақтығыстар көптен бері жалғасып келеді. Ауғанстан, Ирак, Украина, Таулы Қарабақтағы жағдай созылмалы болып кетті. Әлемдік шиеленіс қаруға деген сұранысты арттырып отыр", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Елбасы әлемдік әскери шығындар кезекті рет артып отырғанын атап өтті. "Әскери шығындардың артуы - бұл қауіпсіздікке ғана төнген қатер емес, бұл экономика мен адам ресурстарының даму мен шынайы қажеттіліктен аластату", - дейді Президент. 

"Жаппай қырып-жою қаруын сынақтан өткізу, Корей түбегіндегі жағдай бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Осыған қатысты ірі державалар арасында зымыранға қарсы қорғаныс, ядролық қаруды қысқарту туралы өзара келісушілік жоқ", - деп атап өтті ол.