#
#
Жұма 13/12/2019

Назарбаев елордадағы «жасыл белдеудің» даму барысымен танысты

  • 18.09.2019
  • 0
  • 584

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы «жасыл белдеудің» даму барысымен танысты, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың ақпаратын тыңдады.

– Сіздің тапсырмаңызға сәйкес 1997 жылдан бастап біз «жасыл белдеу» құру жұмыстарын жүргізіп келеміз. Бүгінде оның ауданы 87 мың гектардан асады. Биыл отырғызу аумағы 4,6 мың гектарды құрады. 2022 жылға дейін біз жалпы жасыл желектің аумағын 100 мың гектарға жеткіземіз», – деді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

Сонымен қатар, Елбасына агротехникалық іс-шаралардың нәтижесінде алынған мәліметтерді жинау және талдау үдерістерін цифрландыру бойынша жоспарланған шаралар туралы ақпарат берілді.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне елорданы көгалдандыру нәтижелері және «жасыл белдеуді» Бурабай орман алқабымен қосу бойынша қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Ұсынылған баяндамаларды назарға ала отырып, Нұрсұлтан Назарбаев елорда төңірегінде «жасыл белдеу» құру тәжірибесін еліміздің өзге өңірлерінде қолданудың маңызын атап өтті.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар