11 қаз, 2017 сағат 09:29

Назарбаев Бозымбаевқа сөгіс жариялады

Елбасы Н.Назарбаев ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды" делінген хабарламада.