01 мау, 2018 сағат 15:31

Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Қайрат Сұнтаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды", — деп жазылған хабарламада. 

Бұған дейін бұл лауазымды атқарған Талғат Татубаев қызметінен босатылды.

Сондай-ақ Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. 

Сонымен қатар, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметінен босатылды.