#
#
Дүйсенбі 24/09/2018

Назарбаев: Барлық шаралар ел экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуы тиіс

  • 16.04.2018
  • 6
  • 469

Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына 2017 жылдың қорытындылары бойынша экономикалық даму көрсеткіштеріне жасалған талдау нәтижелері жөнінде мәлімделіп, министрліктің қызметі туралы есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру барысында стратегиялық жоспарлау мен болжам жасаудың маңыздылығын атап өтті.

– Барлық шаралар Қазақстан экономикасын дамыту үшін жүзеге асырылуға тиіс. Мемлекеттік бағдарламалардың, соның ішінде «Бес әлеуметтік бастаманың» іске асырылу барысын зерттеу қажет. Ұлттық экономика министрлігі орталық және өңірлік деңгейдегі барлық мемлекеттік органдардың қадамдарын айқындауы керек, – деді Қазақстан Президенті.

Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысына биылғы бірінші тоқсанда қол жеткізілген экономикалық даму нәтижелері және экономикамызға жалпы әлемдік үдерістердің тигізіп отырған әсері жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді, соның ішінде Қазақстанның экспорттық және транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әрі қарай іске асыру жөнінде айтты. 

6 пікір

  • ЛаураСейсенбі, 17.04.2018

    Экономиканы дамыту үшін көп еңбек жасау керек, экономика дамыса халықтың өмір сүру деңгейі де дамиды

  • АйманСейсенбі, 17.04.2018

    Қазір шүкір Қазақстан экономикасы ктерілуде біздің президентіміздің арқасында

  • НазгульСейсенбі, 17.04.2018

    Бес бастама халық игілігі үшін құрастырылған, және де экономикамыз көтеріледі деп ойлаймын

  • СамалСейсенбі, 17.04.2018

    Елбасы бірқатар тасырмалар берсе жақын арада орындалады, елбасы айтса министрлер тез жұмыс істеп кетеді)))

  • НазираСейсенбі, 17.04.2018

    экономикамыз жылдан жылға көтеріліп жатыр, бұдан да жоғары көтерілсе жақсы ғой

  • DalaСейсенбі, 17.04.2018

    осылай жұмыстар жүргізе беріңіздер, болашақ экономикаға байланысты екенңн барлығы түсінеді

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар