19 там, 2019 сағат 14:56

Назарбаев астананың экономикасына инвестиция тарту мәселелеріне назар аударды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың экономикалық дамуының қазіргі көрсеткіштері туралы мәлімделді.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Елбасы астананың экономикасына инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударды.