25 ақп, 2020 сағат 15:48

Мысырдың экс-президенті Хосни Мүбарак өмірден озды

Мысырдың бұрынғы президенті Хосни Мүбарак Каирде 91 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды египеттік MENA агенттігі.

Соңғы күндері Мүбарак асқазан-ішек жолына ота жасатып, Каирдегі емханалардың бірінде жатқан болатын.

Экс-президент Хосни Мүбарак 1981 жылдан бастап 2011 жылға дейін лауазымды қызметтерді атқарды. 2011 жылдың ақпанында қарсылық шаралары көбейгендіктен Мүбарак қызметінен кетуге мәжбүр болды. Оған қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Содан кейін қамауға алынды.

Бірнеше жылдан кейін Мүбаракты жоғары сот ақтап, 2017 жылы түрмеден шығарылды. Босатылғаннан кейін бұрынғы президент оқшау өмір сүрді, БАҚ-пен араласқан жоқ.