10 нау, 2017 сағат 13:29

Лукашенко шенеуніктерді әйелдері мен көңілдестерін жұмысқа орналастыруға шақырды

Беларусь президенті Александр Лукашенко мемлекеттік қызметкерлерден бірінші сәуірге дейін жақындары мен туыстарын және көңілдестерін жұмысқа орналастыруды тапсырған. Бұл жөнінде БЕЛТА агенттігі хабарлайды.

"Егер әйелдері мен көңілдестері ауру болса, оларды емдеуге тура келеді. Қалғандары жұмыста болу керек", - дейді Лукашенко.

Беларусьта елдің азаматтары мен тұрақты тұратын шетел азаматтары жарты жыл бойында жұмыс істемесе, 170 еуро көлемінде салық төлеуді міндеттейтін заң жобасы ұсынылған. Минскіде және өзге де қалаларда заң жобасына қарсы акциялар жүріп жатыр. Қатысушылар құжат елдегі жұмыссыз азаматтардың құқығын бұзады дейді.

Лукашенко салық төлетуді бір жылға кейінге шегерді. Ол шенеуніктерге құжатты қайта өңдеуді тапсырды.