#
#
Cәрсенбі 18/09/2019

Үкімет Қытайдың қарызынан бас тартты: LRT құрылысына ақша қайдан алынады?

  • 13.08.2019
  • 0
  • 1004

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордадағы жеңіл рельсті (LRT) көліктің құрылысына қатысты өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«LRT бойынша: барлық нормативті-құқықтық құжаттар үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр», - деді қала басшысы Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Ол өз сөзінде қытайлық инвестициядан бас тарту туралы шешім қабылданғанын еске салды.

«Бұдан бұрын айтқанымыздай, біз қытайлық қарыздан бас тартып, 800 млн АҚШ долларын үнемдеп қалдық. Біз «Халық банкпен» 3 пайыздық қарызбен 500 млн (АҚШ доллары), сондай-ақ, 100 млн (АҚШ доллары) бойынша «Бәйтерек» холдингімен келістік. Бұл қаражат жұмысты бастап кетуге жеткілікті», - деді ол.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана LRT жобасын сынға алған болатын. Президенттің айтуынша, жоба тиімсіз болса, оған үнемі субсидия бөліп, бюджет қаржысын жұмсауға тура келеді.

Бастапқыда LRT жобасының құны 1,8 миллиар доллар болған еді. Қытайдың даму банкінен қарыз алған жағдайда, үкімет 2,6 миллиард доллар қайтаруы тиіс болатын. Алайда мемлекет шетелдік қарыздан бас тартты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар