02 жел, 2017 сағат 11:34

Қытайдың даму моделі «экспортталмайды» - Си Цзиньпин

Қытай дамудың шетелдік моделін «импорттамайды», жеке моделін «экспорттамайды» және басқа елдерден қытай тәжірибесін «көшіруді» талап етпейді. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин айтты, деп хабарлайды Синьхуа.

Мұндай пікірді Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) Орталық комитетінің бас хатшысы Си Цзиньпин Бейжіңде өткен ҚКП мен әлемнің саяси партиялары арасындағы диалогтың ашылуында білдірді.

Си Цзиньпиннің айтуына қарағанда, ҚКП қытай халқының әл-ауқатын көтеру, жалпы адамзаттың өркендеуі бағыттарында жұмыс істеуді мақсат етеді.

Сондай-ақ, әлемдегі ірі саяси партиялардың бірі болып саналатын ҚКП адамзаттың әлеуметтік даму моделін зерттеп және оны басқа әлем елдерімен бөліспек.