#
#
Бейсенбі 29/06/2017

Қытайдан Қазақстанға сәлемдемелер жеткізу уақыты екі есеге қысқарады

  • 16.06.2017
  • 1
  • 995

Қытайдан Қазақстанға сәлемдемелер жеткізу уақыты екі есеге қысқарады, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz "Қазпошта" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тиісті шартқа Ұлттық пошта операторы делегациясының Қытайға сапары барысында "Қазпошта" АҚ және China Post Group өкілдері бүгін қол қойды.

"Электрондық коммерция нарығының әлемдегі жыл сайынғы өсу қарқыны 30 пайыздан астам және негізгі өсу драйверлерінің бірі қытай интернет-алаңдары. ҚР кіріс поштасының жалпы көлеміндегі қытай сәлемдемелерінің үлесі 60 пайыздан артық және жылдан-жылға артып келеді. Егер 2014 жылы ол 2,5 миллион данаға жеткен болса, ал 2015 жылы 3,6 миллион данаға дейін өсті, бұл көрсеткіш өткен жылы 4 млн. дананы құрады. Біз 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы пошта көлемінің 2016 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 2 есе өскендігін бақыладық (0,8 миллион данадан 1,6 миллионға)", - деп атап өтті Қазпошта басшысы Сакен  Сарсенов.

"Сәлемдемелерді жеткізу мерзімі тұрғысында да дамуға ниеттіміз және алдағы күндері сервис сапасын арттыру үшін қытай тарапына да мерзімді екі есе қысқартуға ұсыныс жасадық және ҚХР-да қабылданған сәтінен бастап, ҚР-да берілген сәтке дейін шамамен 18 күн болмақ", - деді ол.

Сондай-ақ қытайлық тарапқа трекинг сервисін жақсарту және екі ел поштасының арасында 100 пайыз АТ-интеграция жүргізу, EDI оқиғалары электрондық деректерін жөнелтуші мен алушының мекенжай деректерімен алмасуды жолға қою ұсынылды.

Айта кетейік, Қазпошта CPEL (China Post Express Logistic) өкілдерімен бірігіп, Қытайдан келетін шағын жөнелтімдер үшін  ЕПАКЕТ жаңа экспресс-өнімін жасап шығарды, ол  DHL, Fedex сияқты алпауыттармен және басқа да  курьерлік компаниялармен бәсекелесе алады. Бұл, әлбетте, қазіргі уақытта жөнелтімдердің жалпы көлемінің 1%-на да жетпейтін экспресс-жөнелтімдерінің (EMS) үлесінде оң көрініс береді.

Сонымен қатар, Қазпошта басшысы Сакен Сарсенов Alibaba, Jumore, E2B (Enterprise to Business) компаниялар тобы басшыларымен, сондай-ақ  логистика саласындағы SF Express - ҚХР-дағы ең ірі логистикалық компанияның басшысымен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер аясында алдағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі нақты жобалар белгіленді.

Еске сала кетейік, өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев "Үлкен жиырмалық"  елдері саммитінде ҚХР басшысымен екі ел ынтымақтастығын тереңдету жөнінде, атап айтқанда, Жібек жолы экономикалық белдеуін құру туралы идеясын айта отырып, елдердің транзиттік-логистикалық әлеуетін дамыту туралы екіжақты кездесулер өткізген болатын. Осы орайда айтып өткен жөн, Жібек жолы белдеуін жаңғырту жөніндегі осы бастама еліміздің транзиттік әлеуетін толықтай ашуға бағытталған Қазақстанның "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатына ұласады.  

1 пікір

  • ҚАЗАҚ ХАЛҚЫДүйсенбі, 19.06.2017

    Қазақстандағы Қытайларды бірін қалдырмай тексеуді халық талап етедіү Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан обылыстары - Қытай қолындағы Мұнай салаларын тексеріп... 10%-пайыздан артықтың барлығын қайтарып, Қытайлықтарды түгелдей Еліне қайтаруды бастауды ... бүкіл ҚАЗАҚ халқы талап етеді !!..

Пікір қалдыру

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар