#
#
Сейсенбі 25/02/2020

Қытайда Интерполдың бұрынғы төрағасы сотталды

  • 21.01.2020
  • 0
  • 189

Қытайда Интерполдың бұрынғы төрағасы пара алғаны үшін 13 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

Тяньцзинь қаласының соты 21 қаңтарда Қытайдың бұрынғы қоғамдық қауіпсіздік вице-министрі және Қытай теңіз полициясының бұрынғы директоры Мэн Хонгвейдің парақорлық ісі бойынша алғашқы сот үкімін жария етті. Сотталушы Мэн Хонгвейге пара алғаны үшін 13 жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 2 миллион юань айыппұл салынды.

Синьхуа сотталушының сот шешіміне бағынғанын және шағымданбайтынын мәлімдеді.

Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мэн Хонгвей қызмет еткен кезде ол өзінің жағдайын пайдаланып, жалпы сомасы 14,46 миллион юаньнан асатын түрлі пара жинаған.

Еске сала кетсек, Мэн Хонгвей 2016 жылдан 2018 жылға дейін Интерполдың президенті болған. 2018 жылдың қыркүйек айының соңында Мэн Хонгвей Интерполға төрағалық ету кезінде Францияның штаб-пәтерінен Қытайға оралғаннан кейін байланысын үзген.

2018 жылғы 8 қазанда Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі Мэн Хонгвейдің пара алды деген күдікпен тергеу жүргізіліп жатқандығы туралы хабарлады. 2019 жылы 10 мамырда оның үстінен парақорлық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соттың алғашқы отрысы сол жылдың 20 маусымында өткен еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар