#
#
Cәрсенбі 29/03/2017

Қытай елшісі: Қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттерді қатты қызықтырады

  • 12.01.2017
  • 5
  • 9803

- Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қытай азаматы мен қазақ қыздарының арасындағы некеге қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Екі ел азаматтары некелесіп жататын жайттар кездеседі. Қазақстанның көп азаматтары Қытайға жұмыс бабымен немесе оқуға келеді де, Қытайда қалып қойып жатады. Қазақ мəдениетін дəріптеп жүрген адамдар бар, Қытай тұрғындары сол адамдар арқылы Қазақстанның салт-дəстүрімен таныса алады. Бұндай некелерді біз құп көреміз деп айта алмаймын, бұл - табиғат заңы. Бірақ, жақсы деп ойлаймын. Бұл - біздің халықтар арасында дəстүрлі достық бар деген сөз, сол достық жемісін беріп жатыр деген сөз», - дейді ол.

Елшінің айтуынша, қазақ қыздары Қытай азаматтарын қатты қызықтырады.

«Қытайдан келiп, жергiлiктi қыздарға үйленiп жатқанын бiлемiн. Мұндай жағдайлар көп. Бұл - қалыпты тәжiрибе. Ешкiм ешкiмдi шектемейдi. Қытайлық тараптан ешқандай кедергiлер жоқ. Бiрақ, әрине, екi жақтың да ниетi болуы керек. Қазақстандық қыздар қытайлық жiгiттерді өте қатты қызықтырады. Себебі олар өте сұлу, нәзiк, жоғары бiлiмдi, ата-аналарын, үлкен кiсiлердi сыйлайды, отбасыларын жақсы көредi. Дәстүрiмiз бойынша бiзде ұқсастықтар көп», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада қазақ қыздарын қалталы қытай жігіттерімен таныстыратын неке агенттігі ашылып, қоғам наразылығын тудырды.

5 пікір

  • ЕржанЖұма, 13.01.2017

    Мна дипломатын козін құрту керек әбден дадайсып кеткен екен біздін басшылар осылардың бәрінен қоркады әйтеу бір қарсы сөз айталмайдығой Қазахстанды Қазақ елі деп атаймыз деп шулап еді Путин бір сөз айтып еді барі ауздарын жаптыгой.Регистрация жасаймын деп журіп марқұм болған қазақтың орнында орыс болганда осы уакытта регистрацияныда тоқтатып тастаушы еді.

  • ҰЖДАНЖұма, 13.01.2017

    Мынау ЕЛШІНІ Қазақстанда қалдыруға болмайды ! Үнемі Орысша сөйлеуден ұялмайды, мынау мәселеде көргенсіздік көрсетуде...

  • НҰРСҰЛТАНЖұма, 13.01.2017

    Қытайға тиген Қыздарды азаматтықтан айырып... тиген Қытайымен қоса Қазақстаннан қуу керек !

  • Н.ҚошаманұлыЖұма, 13.01.2017

    Қазақстандағы қытай елшісі осындай сөз айтса, демек бұл арнайы тапсырыспен жүріп жатқан Қазақстанға бағытталған "қытайдың мемлекеттік саясаты" деген сөз. Елші Қытай Үкіметінің ресми өкілі. Қазақ үкіметі болса бір ауыз сөз айта алмай, не дұрыс, не бұрыс дей алмай тағы да қытай алдында дәрменсіздік көрсетуде.

  • кзЖексенбі, 15.01.2017

    Мынаны курту керек оз Кытайына. Казак кыздары казактан баска ешкимге уйленбендерши

Пікір қалдыру

Маңызды мақалалар

БАННЕР