04 мам, 2017 сағат 09:21

ҚТЖ «Алматы-Мәскеу» бағытында қатынайтын пойыздың тоқтатылғандығын хабарлады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ № 7/8 «Алматы-Мәскеу» бағытында қатынайтын пойыздың жолы Саратов станциясына дейін қысқарғаны туралы хабарлама таратты, деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«2013 жылдан бері № 7/8 «Алматы-Мәскеу» бағытындағы пойыз жолаушылары санының азаюы байқалып келеді. Көрсетілген кезеңде осы бағыттағы жолаушылар саны 2 есеге төмендеген. Алматы мен Мәскеу аралығында қатынайтын тікелей халықаралық бағыттағы пойызға адамдардың отыруы 40%-ға жетпейді, сондықтан тиімсіз болып тұр. Алайда, жолаушылардың мүддесін есепке алып, «Ресей темір жолы» АҚҚ-мен («РТЖ» АҚҚ) бірлесе отырып, пойызды тоқтатудың орнына маршрутты Саратов станциясына дейін қысқарту туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Пойыздың кестесі жолаушылардың Саратов станциясынан № 17/18 «Саратов-Мәскеу» пойызына отыратын уақыты ескеріле отырып жасалды.