03 шіл, 2019 сағат 09:28

ҚР Тұңғыш Президентінің ресми интернет-ресурсы іске қосылды

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми интернет-ресурсы іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаевтың twitter-аккаунтына сілтеме жасап.

«Достар, Тұңғыш Президенттің ресми интернет-ресурсы http://Elbasy.kz іске қосылды.

Егер сіздер өз пікірлеріңізді және ұсыныстарыңызды жаңа сайтта жариялап отырсаңыздар дән риза болар едік»», - деп жазды Айдос Үкібай.