#
#
Дүйсенбі 20/01/2020

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы табысталады

  • 13.12.2019
  • 0
  • 339

Бүгін елордада ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы лауреаттарын марапаттау шарасы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдымен ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің қатысуымен «ALTYN OIMAQ» дизайнерлердің ұлттық байқауы, «Бизнес кемелділік», «ІСКЕР», «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау шарасы болады. Одан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы байқауының жеңімпаз-лауреаттары және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанттары, сондай-ақ «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы республикалық байқауы жеңімпаздары марапатталмақ.

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына үміткерлер «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша іріктеледі.

Ал Қазақстанда алғаш рет өткен «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлтттық байқауының жеңімпаздары «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киімнің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны», «Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген аксессуардың үздік дизайны», «Спорт аяқ киімінің үздік кастом дизайны» аталымдарында марапатталады.

«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша республикалық байқауының жеңімпаздары үш категорияда (шағын, орта және ірі бизнес) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық келісімшарт» және «Экологияға қосқан үлесі үшін» сынды аталымдарда анықталады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар