#
#
Бейсенбі 14/11/2019

ҚР БҒМ басшылығын сынаған Анар Қайырбекова ЖОО ректоры болып тағайындалды

  • 21.10.2019
  • 0
  • 164

ҚР Білім және ғылым министрлігі Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры болған Анар Қайырбекова Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл тағайындауды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов растады.

«Бұл, құқықтық алаңда шешілетін мәселе. Мұнда біліктілік талаптары болады, сәйкес процедуралар жүргізіледі. Егер процедуралар барлық талапқа сай болса, шешім қабылданады. Бұл жағдайда нақты шешім қабылданды. Мұны мен растаймын», - деп жауап берді министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілердің сұрағына.

Еске сала кетсек, тамыз айында ҚР БҒМ Әкімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры Анар Қайырбекова аталмыш ведомствоның жауапты хатшысы Арын Өрсариевті, вице-министрлер Рүстем Биғари мен Фатима Жақыповаларды қызмет көрсету туралы келісімге қол қоюда жемқорлыққа жол берді деп айыптаған болатын.

Айыптауларға Р.Биғари жауап беріп, бұл әрекетті «медиабопса» деп атады.

Ал 12 қазанда Мемлекет басшысының Өкімімен А.Өрсариев ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

Осы ретте тілшілер министрге: «Жауапты хатшының кетуі ҚР БҒМ департаментін басқарған Анар Қайырбекованың қызмет көрсету келісімшарты туралы айыптауымен байланысты ма?», - деген сұрақ қойды.

«Жауапты хатшыға келсек, екі оқиғаның бір-бірімен байланысты деп айта алмаймын», - деді А. Аймағамбетов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар