18 мау, 2019 сағат 09:45

Киік ату фактілері толастамай тұр - Сапархан Омаров

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, браконьерлікке қарсы жедел іс-шаралар жоспарын әзірледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров  айтып берді.

«Қазіргі уақытта киік ату фактілері тоқтамай тұр. 2018 жылы 77 браконьерлік фактісі анықталып, 500 киіктің мүйізі тәркіленді. Министрлік Бас прокуратурамен, Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, браконьерлікке қарсы жедел іс-шаралар жоспарын әзірледі. Онда браконьерлікпен күрес жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жедел іс-шаралар көзделген», - деді министр Қазмедиа орталығында халыққа есеп беру кездесуінде.