#
#
Жұма 13/12/2019

Халықтың билігі халыққа қайтуы тиіс

  • 02.04.2019
  • 0
  • 1678

Елімізде, саяси транзит процессі жүріп жатыр. Бүгінде Қазақстанды тарихымыздағы екінші Президент басқарып отыр. Бұл - қоғамдық дамудағы дұрыс, нақты қадам, прогресс. Дегенмен, алдымызда шым-шытырығы, шұғыл бұрылыстары мол, құбылмалы қоғамдық белестер күтіп тұрғаны анық!

«Сананы тұрмыс билейді».  Бүгінгі біздің тұрмысымыз қандай? Халық қалай өмір сүріп жатыр? Шыны керек, халықтың тұрмысы өте ауыр!

Жұмыссыз жастар, үй-күйсіз қазақ, азаматтардың әлеуметтік деңгейі өте төмен! Еліміздегі ең төмен күн көріс мөлшері 29698 теңге, Армения мен Молдовадан да төмен! 500 мыңнан астам адам кедей! Ал кедейлік деңгейге біздің Өкімет, «күніне бір доллар табатын адамды жатқызады». Бірікен Ұлттар Ұйымының стандарттарына сәйкес, «кедей дегеніміз күніне 5 доллар» табатын адамдар. Яғни, біздің кедей «тақыр кедей» деген сөз!

Экономика да өте күрделі халде!

Еліміздің сыртқы қарызы 168 млрд доллардан асты. Өткен билік, бүгінгі «Нұр-Отан» билік партиясы «бізде бәрі жақсы» деп ұрандатып жүр... Егер, бізде барлығы жақсы болса, неге осыншама сорақы?
Осынау әділетсіздіктің түп тамыры неде?

Әділетсіздіктің, теңсіздіктің ең негізгі себебі, 28 жыл ішінде, «тұрақтылық қамтамассыз етеміз» деген сылтаумен, халық саяси процесстерден шеттетілді.

Соның арқасында, Парламент азаматтардың тыныс-тіршілігін, бостандығын, саяси белсенділігін тарылтып, шектейтін:
«Сайлау» туралы;
«Ақпарат туралы»;
«бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер» туралы заңдарға өзгерістер еңгізу арқылы халықты, қоғамды билік көзінен шектеп қойды!

Осынау жасалған қадамдарды, өткен билік «еліміздегі саяси тұрақтылықты сақтаудың әдісі» деп көрсетуге тырысты. Жаңа биліктің жаңа қадамы, демократиялық үрдістірді қалыпқа келтіруі керек. Яғни, Халықтың билігі халыққа қайтуы тиіс.

Еліміздің Ата-Заңы Конституцияның 3-бабының 1-пунктінде «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық» деп жазылған.

«Конституция ең жоғарғы күші бар заң. Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады».

Яғни, қоғамдық процесстерге тікелей қатысы бар Заңдар Конституцияға сәйкестенуі қажет. Саяси «күн тәртібінің» негізгі мәселесі - осы.

Ерлан Саировтың фейсбуктағы жазбасынан

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар