25 ақп, 2020 сағат 18:30

Қазақстандық велошабандоздар Әлем чемпионатына аттанды

26 ақпан күні Германияның Берлин қаласында тректегі велоспорттан әлем чемпионаты басталады. Оған Қазақстан құрамасынан 8 спортшы қатысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бас бапкердің мәліметінше, Германия астанасында келесі спортшылар сынға түседі: Артем Захаров, Роман Василенков, Әлішер Жұмақан, Рината Султанова, Сергей Пономарев, Андрей Чугай, Максим Налетов.

Әлем біріншілігі 1 наурызға дейін жалғасады. Чемпионат қорытындысы бойынша 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алған спортшылар есімі анықталмақ.

Айта кетейік, шосседегі велоспорттан ұлттық құрама бүгінге дейін Токио Олимпиадасына үш лицензия жеңіп алды.