#
#
Дүйсенбі 23/09/2019

Қазақстан-Корея IT-орталығы аясында бірқатар шаралар қолға алынады - Асқар Жұмағалиев

  • 11.07.2019
  • 0
  • 448

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Оңтүстік Кореяның ғылым және АКТ министрі Ю Сенг Минмен кездесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы бүгін министр өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Жақында Оңтүстік Кореяның ғылым және АКТ министрі Ю Сенг Минмен өте мазмұнды кездесу өткіздім. Осыдан 15 жыл бұрын, Қазақстан Электрондық үкіметті дамытуға алғаш қадам жасаған кезде, оңтүстік кореялық әріптестер өз тәжірибесімен бөлісе отырып, біраз көмек берген еді. Сол кездің өзінде Оңтүстік Корея осы саладағы көшбасшылардың бірі болатын. Біз бұл ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз. Кеше әріптестерімізбен бірлескен жоспарларымыз бен идеяларымызды талқыладық.

Инновациялық экожүйе мен стартаптарды дамыту, жасанды интеллект, Big Dataны қолдану, электрондық үкімет пен ақылды қалалардың дамуы туралы біраз әңгімелестік. Бұл мәселелермен Қазақстан-Корея бірлескен халықаралық IT-орталығы аясында айналысатын боламыз. Аталған орталықты «Astana Hub» ақпараттық технологиялар стартаптарының халықаралық технопаркінде ашуды жоспарлап отырмыз», - деп жазды министр.

Сондай-ақ ол «Сеулге жасаған жұмыс сапары барысында кореялық әріптестеріміздің 5G технологиясын пайдалана отырып енгізген шешімдерін көрдік. Инновациялық кластердің, жергілікті стартап-хабтың, ұлттық ақпараттық агенттіктің және киберқауіпсіздік жөніндегі орталықтың жұмысымен таныстық. Жуырда әріптестеріміз Қазақстанға келуді жоспарлап отыр. Біз өз кезегімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысымен таныстырып, олардың ұсыныстарын тыңдаймыз», - деді Асқар Жұмағалиев.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар