#
#
Сейсенбі 24/09/2019

Президент Қытайдағы кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда - Берік Уәли

  • 11.09.2019
  • 0
  • 375

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайда баяндамаларының барлығын қазақша жасап жатыр. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.  

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда. Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі баяндамасын және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады», - деп жазды баспасөз хатшысы.  

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар