#
#
Жексенбі 16/12/2018

Канадада аю 37 жастағы әйел мен оның сәбиін талап тастады

  • 28.11.2018
  • 0
  • 591

Канаданың Юкон аймағында әйел мен оның 10 айлық қызы гризлидің шабуылынан көз жұмды, деп хабарлайды CBC News.

Коронер Хизер Джонстың айтуынша, 37 жастағы Валери Теорет пен оның қызы Адель Рошолттың денелерін дүйсенбі күні отағасы тауып алған.

Аю шабуылдаған кезде әйел мен бала үйде жалғыз болды, дейді коронер.

«Оқиға кезінде анасы мен қызы есік алдында қыдырып жүрді, бұл шамамен сағат 10:00 мен 15:00 аралығында болған» делінген баспасөз парақшасында.

Квебек тумасы Валери бала күтімі бойынша демалыста болған. Декретке шыққанға дейін ол Уайтхорс Бастауыш мектебінің 6-сыныбына француз тілінен сабақ берген. Коронердің мәліметінше, соңғы үш ай бойы отбасы Эйнарсон көлінің маңында саяхаттап жүрген.

Сағат 15:00-де аңнан келе жатқан Жерман Рошолт үйінен 100 метр жерде аюға тап болды. Оны атып тастап, үйіне кірген сәтте зайыбының денесін, ал үйдің сыртында баласының денесін көрді. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар