25 мам, 2020 сағат 20:05

Қалаларда карантин сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады - Президент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырғандар саны артып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.