21 қар, 2018 сағат 11:20

Интерполға жаңа басшы сайланды

Қылмыстық полиция халықаралық ұйымының жаңа басшысы болып Ким Чон Ян сайланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ұйымның Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Ким Чон Ян осы күнге дейін Интерпол президентінің міндетін атқарып келген еді.

«Корея Республикасының тумасы Ким Чон Ян алдағы 2 жыл бойы Интерполдың президенті қызметін атқарады», - делінген жазбада.

Сайлау Интерполдың Дубайдағы 87-ші Бас ассамблеясы кезінде өтті.