19 мау, 2018 сағат 16:11

Головкин баспасөз мәслихаты кезінде "Канелоны" мазақ етті - Видео

Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек алдында баспасөз мәслихатын өткізді. 

Мұның алдында боксшылар ортақ баспасөз мәслихатын өткізуден бас тартқан еді. Олардың "бір-бірін көргісі келмейтіні" айтылған болатын.


Головкиннің баспасөз мәслихаты Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Palm мейрамханасында өтті, онда келген қонақтарға "VADA мақұлдаған" тағамдар берілді, - деп хабарлайды vRINGe.com.


Осылайша, қазақстандық боксшының командасы допингпен ұсталған Альварестің тамаққа қолданылған еттің құрамы таза емес болды деген сылтауы үшін мексикалықты мазақ етті. 

kaz.tengrinews.kz